Теннис • 19 Ақпан, 2023

Дубайдағы додаға қатысады

257 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның бірінші, әлемнің 10-ракеткасы Елена Рыбакина мен әлемдік рейтингте 43-орында тұрған Юлия Путинцева Дубайдағы WTA 1000 тур­ниріне қатысады.

Дубайдағы  додаға қатысады

Жүлде қоры 2 788 468 млн АҚШ долларын құрайтын әйелдер арасындағы Dubai Duty Free Tennis Championships жарысының 9-ракеткасы ретінде тіркелген Е.Рыбакина алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингте 36-сатыға жайғасқан 2019 жылғы АҚШ ашық чемпионатының жеңімпазы, канадалық Бьянка Андреескумен шеберлік байқасады. Екі теннисші бұған дейін кортта бір мәрте кездесіп, жерлесіміздің жеңісімен аяқталған – 6:4, 7:6.

Ал Юлия Путинцева бастапқы кездесуін әлемнің 30-ракеткасы хорватиялық Петра Мартичпен өткізеді. Бұл екі теннисші ара­сындағы үшінші кездесу болмақ. Бұған дейінгі екі матчта да Ю.Путинцева жеңіс тойын тойлаған болатын.