20-27 ақпан аралығына жоспарланған жылдың ең ірі жарыстарының бірінде ел намысын 13 боксшы қорғайды. Олардың арасында әлем және Азия чемпионы, Олимпия ойындарының жүлдегері бар. Атап айтар болсақ, араға бір жарым жыл салып ұлттық құрамаға қайта оралған 2019 жылғы әлем чемпионы Бекзат Нұрдәулетов, Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Қамшыбек Қоңқабаев, Азия чемпионы Асланбек Шымбергенов және болашағынан көп үміт күттіретін жас боксшылар Болгарияда жұдырықтасады.
София шаршы алаңына шығатындар: Ернұр Қайрат (48 кг), Кенже Мұратұлы (51 кг), Бекзат Алдамжаров (54 кг), Оразбек Асылқұлов (57 кг), Ерасыл Таңқай (60 кг), Ертуған Зейнуллинов (63,5 кг), Темірхан Тезек (67 кг), Асланбек Шымбергенов (71 кг), Нұрқанат Райыс (75 кг), Бекзат Нұрдәулетов (80 кг), Бекзат Таңатаров (86 кг), Абзал Құттыбеков (92 кг) және Қамшыбек Қоңқабаев (+92 кг).