Әлем • 20 Ақпан, 2023

Ақ үй ресми мәлімдеме жасады

353 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

АҚШ президенті Джо Байден Киевке сапарында Украинаға әрі қарай  қолдау көрсетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz

Ақ үй ресми мәлімдеме жасады

Байден мен Зеленский қару-жарақ мәселесін талқылады. АҚШ президенті артиллериялық оқ-дәрілерді, танкке қарсы жүйелерді, әуе кеңістігін бақылауға арналған радарларды және жаңа маңызды қару-жарақтарын жеткізетінін жариялады.

Бұл туралы Ақ үй ресми мәлімдеме жасады. 

«Путин  бір жыл бұрын соғысты бастаған кезде, ол Украинаны әлсіз деп ойлады. Бірақ ол қателесті. Бүгін Киевте мен Украинаны қолдауды талқылау үшін Президент Зеленскиймен және оның командасымен кездесемін. Мен украин халқын әуе бомбалауынан қорғау үшін артиллериялық оқ-дәрілерді, танкке қарсы жүйелерді және әуе кеңістігін бақылау радарларын, басқа да маңызды жабдықтарды жеткізетінімді жариялаймын. Осы аптада біз Ресейлік элита мен компанияларға қарсы қосымша санкциялар жариялаймыз», делінген мәлімдемеде.

.