Спорт • 20 Ақпан, 2023

Желкенді қайықшылар жеңісі

250 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Олимпиада бағдарламасына енген желкенді қайық спортынан Дохада ұйымдастырылған халықаралық жарыстан жерлестеріміз олжалы оралды.

Желкенді қайықшылар жеңісі

Спортты дамыту дирекциясының бас­пасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, Қазақстан ұлттық құрамасының спортшылары Дохадағы турнирде екі жүлдеге қол жеткізді. Әуелі «Лазер стандарт» санатында сынға түскен Антон Гаас мәреге үшінші жетіп, дүниежүзілік доданың қола жүлдегері атанды.

Ал тағы бір отандасымыз Берік Қубаев бас жүлдеге сынық сүйем қалғанда сүрініп, күміс медальді қанағат тұтты. 470 класында сынға түскен жерлесіміз мәреге екінші жетті. Айта кетейік, Қатар астанасында өткен жарысқа әлемнің 7 елінен келген 70-ке жуық спортшы қатысты.