Елордадағы Ұлттық теннис орталығында жасөспірімдер арасындағы «Davis Cup 16&under», «Billie Jean King Cup» және «World Junior Tennis Competition 14&under» турнирлерінің іріктеу сайыстары мәресіне жетіп, көктемде 14 және 16 жасқа дейінгілер арасындағы командалық әлем чемпионатының іріктеу сайыстарына қатысатын Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы анықталды.
Атап айтқанда, 16 жасқа дейінгі ұлдар арасындағы жарыста Әмір Омарханов, Заңғар Нұрланұлы бақ сынайды. Бұл жас санатындағы үшінші ойыншы кейін анықталады. Ал қыздар бәсекесінде Іңкәр Дүйсебай, Полина Слепцова және Ариана Гогулина кортқа шығады. Ал 14 жасқа дейінгі ұлдар арасында Ярослав Пшеничный, Мансұр Сайынов, Михаил Мищенко, қыздар сайысында Ева Корышева, Еркежан Жаңатаева және Сабина Шухратова өнер көрсетеді. «Davis Cup 16&under» және «Billie Jean King Cup» іріктеу сайыстары биыл алғаш рет Қазақстанда (Шымкент) өтеді.