21 Маусым, 2014

Құттықтау жеделхатын жолдады

285 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Филипп VI-ға оның Испания Королі тағына отыруына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Қазақстан Президенті өз құт­тықтауында Филипп VI-ның әкесі Хуан Карлос I-дің жүргізген сындарлы саясаты арқасында Қазақстан мен Испания арасында өзара тиімді әрі толыққанды ынтымақтастық қалыптасқанын атап өткен. «Испания біздің еліміз үшін бүгінде Еуропадағы сенім­ді дос және стратегиялық серік­тес болып саналады. Сіздің қол­­дауыңызбен Қазақстан мен Испанияның жан-жақты ықпал­дастығы аясын тереңдету үрдісі жалғасын табатынына ерекше үміт артамын», – де­лін­ген жеделхатта. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы қалыптасқан игі қарым-қатынастар жалғасатынына сенім білдіре отырып, Испа­ния Королін Қазақстанға мемле­кет­тік сапармен келуге шақырды. Соңында Нұрсұлтан На­зар­баев Филипп VI-ға сар­қылмас қуат пен зор табыс, ал достас Ис­пания халқына бақ-береке тіледі.