Теннис • 22 Ақпан, 2023

Бәрекелді, Бублик!

216 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қатарынан 10 ойында жеңіліп, жан­күйер­лердің сынына ұшыраған Қазақ­станның бірінші, әлемнің 50-ракеткасы Александр Бублик төрт айға жа­лғас­қан жеңіссіз сериясына нүкте қойды.

Бәрекелді, Бублик!

Соңғы рет 2022 жылдың қазан айында жеңіске жеткен А.Бублик одан кейінгі барлық жарысында ұтылып, жанарымен жер шұқып қалған еді. Енді, міне, Базельдегі турнирде басталған сәтсіздік Францияның Марсель қаласындағы ATP 250 жарысында аяқталды. Жерлесіміз халықаралық турнирдің алғашқы айналымында сербиялық Филип Краиновичпен (67-ракетка) шеберлік байқасып, үш сетте 5:7, 6:3, 6:4 есебімен жеңіске жетті.

Сондай-ақ Дубайдағы WTA 1000 турниріне қатысып жатқан әйелдер арасындағы қос теннисшіміз де жарысты жеңіспен бастады. Әлемнің 46-ракеткасы Юлия Путинцева бастапқы кездесуінде рейтингте 28-орында тұрған хорватиялық Петра Мартичті үш сетте 6:4, 0:6, 6:2 есебімен ұтса, Елена Рыбакина алғашқы айналымда 2019 жылғы US Open тур­нирінің жеңімпазы, канадалық Бьянка Ан­дреескуді екі сетте қапы қалдырды – 6:3, 6:4.