Бокс • 21 Ақпан, 2023

Жарысты жеңіспен бастады

255 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Софияда алауы тұтанған халықаралық «Странд­жа кубогі» жарысын жерлестеріміз сәтті бастады.

Жарысты жеңіспен бастады

Дәстүрлі турнирдің алғашқы жарыс күнінде шаршы алаңға шыққан 60 килодағы былтырғы ел чемпионатының күміс жүл­дегері Ерасыл Таңқай Италияның даңқты бокс­шы­сы Даниэле Салерномен қолғап түйіс­тіріп, қарсыласын техникалық нокаутпен тізе бүктірді. Жекпе-жек басталған сәттен басымдықты өз қолына алған отандасымыз үшінші раундта Салерноны бір теңселтіп алды. Кейіннен төреші кездесуді тоқтатып, қазақ боксшысының жеңіске жеткенін мәлімдеді.

Қазақстан жанкүйерлері кеше күндізгі сессияда (17:00) 57 килодағы Оразбек Асылқұлов пен Джуд Галлахер (Ирландия), 63,5 кило салмақтағы Ертуған Зейнуллинов пен Конде Ойер Ибаррече (Испания), кешкі сессияда (22:00) 54 килодағы Бекзат Алдамжаров пен Биллаль Беннама (Франция), 67 килодағы Темірхан Тезек пен Пламен Янков (Болгария) және 86 килодағы Бекзат Таңатаров пен Картик (Үндістан) арасындағы кездесулерді тамашалады.

 

Соңғы жаңалықтар

Бал ашып байығандар көп

Қоғам • Бүгін, 18:17