Университет • 22 Ақпан, 2023

Агрономдарды бірлесіп даярлайды

331 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің басшысы Ақылбек Күрішбаев Канаданың Қазақстандағы елшісі Алан Хамсонмен және елшіліктің Сауда мәселелері және бизнесті дамыту жөніндегі аға кеңесшісі Эдуард Юомен кездесті. Кездесуде екі елдің университеттері, ғылыми орталықтары мен аграрлық сектор кәсіпорындары арасындағы әріптестікті дамыту мәселелері талқыланды.

Агрономдарды бірлесіп даярлайды

– Канада мен Қазақстан арасы алыс болғанымен, көптеген жа­қын­­дығы бар. Мысалы, екі ел жер көлемі жағынан ауқым­ды­лығымен, кли­­маттық ұқсас­­тығымен ерек­ше­ленеді. Таби­ғи ресурстарға – гидроэнер­ге­тика, ауыл шаруа­шы­лы­ғы әле­уе­­тіне, пайдалы қаз­ба­­ларға бай. Канаданың ауыл шаруа­шы­лы­ғын­да ақпараттық және ком­му­­­­никациялық технологиялар ерекше рөлге ие, – деді Алан Хамсон.

Ақылбек Күрішбаев Кана­да­ның жетекші жоғары оқу орындары мен компанияларын агрономия, селекция, егіншілік, зоо­инженерия, ветеринария және ауыл шаруашылығы саласында ғылыми зерттеулер жүргізу бағытында бірлескен білім беру бағдарламаларын әзірлеп, іске асыруға шақырды.

– Біздің елдердегі агробизнес саласы жаңа прогрессивті технологияларды пайдалана отырып бәсекелестік жағдайында дамып келеді. Осыған байланысты ка­надалық технологиялар мен ноу-хауды қолданатын агро­өнеркәсіп кешені үшін кадр­ларды даярлаудағы ынты­мақ­тастық әлеуетін дамытуды мақ­сат етіп отырмыз. Бұл ретте Сас­ка­че­вана университетімен агро­но­мия бойынша бірлескен бі­лім беру бағдарламасын әзір­леуді ұсынамыз, – деді А.Күрішбаев.

Канададағы Саскачевана уни­верситеті (UofS) әлемдегі био­ме­дициналық ғылымдар, жа­ра­­тылыстану ғылымдары, ин­же­нерия және технологиялар, әлеу­мет­тік ғылымдар және ме­нед­ж­­­мент саласындағы үздік­тер­дің қатарына кіреді.

Кездесу аясында Қазақ ұлт­тық аграрлық зерттеу уни­вер­ситетінің басшылығы зооинженерия, генетика және жан­уар­лар селекциясы бойынша білікті ма­мандарды даярлауға баса назар аудара отырып, Кана­даның жетекші жоғары оқу орын­да­ры­ның қатысуымен бір­лескен жоба жасауды ұсынды.

Сонымен қатар Альберт уни­­верси­тетімен бірлесіп ма­гистранттарға арналған «Өсім­діктер туралы ғылым» бірлескен білім беру бағдар­ламасын әзірлеу, «Болашақ» бағдарламасы бойынша студенттерді тағылымдамадан өткізу және оқыту, жетекші профессорлар мен ғалымдарды ша­қы­ру, жоғары оқу орындары арасында ынтымақтастықты дамыта отырып, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті базасында аграрлық-өнеркәсіптік кешен саласында Канаданың жетекші университетінің филиалын ашу мүмкіндіктерін қарастыру қажет­ті­гіне назар аударды.

Аграрлық университеттің оқу-өндірістік базасымен танысқан Канада елшілігінің өкілдері ұсы­ныс­тарға қызығушылық білдірді.

 

АЛМАТЫ