Mitsubishi-ді 29 жастағы әйел басқарды, ол Әйтеке би ауданының орталық ауруханасына жатқызылды.
Жолаушы болған 31 жастағы ер адам мен оның кәмелетке толмаған үш баласы (2017, 2015 және 2020 жылы туған) апат болған жерде алған жарақаттарынан қайтыс болды.
Қайғылы оқиға Самара-Шымкент автожолының 938 шақырымында болған.
ҚР ҚК 345-бабының 4-бөлігі бойынша «Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан ЖҚЕ бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.