Министрдің айтуынша, 20 мың тонна мұнай «Дружба» құбыры арқылы жөнелтіледі.
«Кеше тиісті процедуралар аяқталып, қорытынды жасалды. Бұл енді компанияның, жүк жөнелтушілердің ішкі келісімшарттық стратегиясы ғой. Синоптиктердің болжамы бойынша бейсенбі сағат 16:00-де ауа райы қалпына келеді, бұл танкерлерге акваторияға кіруге және жүкті тиеп бастауға мүмкіндік береді», деді Ақшолақов.