Әлем • 23 Ақпан, 2023

Ерлі-зайыптылар 20 жыл бойы қажылыққа жинаған ақшасын зілзала құрбандарына аударған

1110 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркияның Чорум қаласында тұратын ерлі-зайыптылар Умраға барамыз деп 20 жыл бойы жинаған ақшасын жер сілкінісінен зардап шеккендерге берді, деп хабарлайды Egemen.kz inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

Ерлі-зайыптылар 20 жыл бойы қажылыққа жинаған ақшасын зілзала құрбандарына аударған

Түркиядағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге көмек көрсету шаралары әлемнің түкпір-түкпірінде әлі де жалғасып жатыр. Осы жолы Тахсин мен Гүлайша Данажылар көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді. Чорумның Алажа ауданында тұратын олар қарапайым тіршілік кешіп жүрген жандар. Жолдасы шаруашылықпен айналысса, Гүлайша ханым үй шаруасындағы әйел. Екеуінің арманы - Умраға бару еді. Армандарын орындау үшін 20 жыл бойы тірнектеп ақша жинаған. Алайда бір сәті түспеген. Енді халық басына түскен қиын кезеңде осы қаражатты зілзаладан зардап шеккендерге аударуға шешім қабылдаған. Сөйтіп, ақшаны Түрік Қызыл Ай қорының Алажа бөлімінің басшысы Фатих Арсланға табыстады.

«Еліміз бен халқымызға сабыр берсін. Қаза тапқандардың отбасына көңіл айтамын, тірі қалғандарға сабыр, ал жаралыларға шипа тілеймін. Қиын күндерде біз де халыққа көмек көрсетужі жөн көрдік.  Жиған ақшамызды көмек ретінде береміз деп шештік», деді ерлі-зайыптылар.