Хоккей • 23 Ақпан, 2023

Қырқыншы жеңіліс

214 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) бақ сынайтын Астананың «Ба­рысы» сырт айдындағы соңғы ойынын Но­­восибирьде өткізіп, жергілікті «Си­бирь­­ден» жеңіліп қалды.

Қырқыншы жеңіліс

Бұл елордалық ұжымның осы маусымдағы 40-жеңілісі болды. Жерлестеріміз мұның алдында Омбыда «Авангардпен» кездесіп, «Шығыс» конференциясының үздігіне еш қарсылық көрсете алмаған-ды. Новосибирьдегі 7 400 жанкүйер сыятын «Сибирь» мұзайдыны ке­шеніндегі матчта да Андрей Скабелканың шә­кірттері жігерсіздік танытты. Бірінші кезеңде айдын иелерінен Денис Голубев 3 және 17-минуттарда дубльдің авторы атанса, арада 30 секунд өткенде Тревор Мёрфи нысананы дәл көздеп, матчтың тағдырын алғашқы кезеңде-ақ шешіп тастады. Үзілістен кейін Никита Михайлис (29) пен Егор Петухов (39) есеп айырмасын бір шайбаға дейін қысқартқанда, «Барыс» жанкүйерлерінің кеудесінде үміт оты оянғандай еді. Бірақ мұ­нымыз бекер екен. Үшінші кезеңнің орта тұ­сынан ауғанда Владимир Бутузов мерген­ді­гі­мен көзге түсіп, командасына жеңіс сыйлады – 4:2.

Жерлестеріміз бүгін ҚХЛ-дағы соңғы ойынын елордада Ярославльдің «Локомотив» клубымен өткізіп, биылғы маусымды аяқтайды.