Елорда • 23 Ақпан, 2023

Астанаға – 13 мектеп

446 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Биыл елордада 20 300 орындық 13 мектеп салу жоспарланып отыр. Бұған қоса «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында алдағы үш жылда 88 800 орындық 24 мектеп іске қосылады.

Астанаға – 13 мектеп

Суретті түсірген Ерлан ОМАР, «EQ»

Бұл туралы Астана қалалық білім бас­қар­­масының басшысы Қасымхан Сенға­зыев мәлімдеді. Жағымды жаңалықты көпшілік жақсы қабылдады. Өйткені елор­дада білім ордаларының жетіс­пейтіні баршаға мәлім.

– Соңғы үш жылда елордада 64 500 орындық 36 мектеп пайдалануға берілді. Жыл сайын оқушылар контингенті 21 мыңға артып келеді. Бұл жылына шамамен 10 мек­тепті пайдалануға беру керек дегенді аңғартады. Қазіргі таңда елордада 236 757 бала контингенті бар 162 жалпы білім беретін мектеп жұмыс істейді. Қаламызда бала саны шамадан тыс 18 мектеп, үш ауысымды 8 мектеп бар. Оқушылардың орын тапшылығы 26 мың орынды құрайды, – деді Қасымхан Сенғазыев.

Оның айтуынша, 2029 жылға дейін материалдық-техникалық базаны нығайту мақсатында 58 білім беру ұйымында күрделі жөндеу, 105 білім беру нысанында ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Сондай-ақ 302 роботтехника, химия, физика, биология, STEM пән кабинеттері алынады.

– Елорданың орта білім беру жүйесінің кадрлық құрылымында 13 903 мұғалім бар. Оның 62 пайызы педагогикалық аттес­таттау қорытындысы бойынша жаңа фор­маттағы біліктілік санаттарын алды. Негізгі жалақыларына 30 пайыздан 50 пайызға дейін қосымша төлем төленеді. Жаңа мектептердің құрылысына байланысты, оның ішінде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында елордада 7 120 мұғалімге қажет­тілік туындайды, – деді басқарма басшысы.

 

Гүләлем ЕСҚАЛИЕВА