Қоғам • 24 Ақпан, 2023

Шаруаларға мемлекет қолдауын дұрыстап түсіндіру керек - Әлихан Смайылов

328 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жетісу облысына жұмыс сапарымен барған Премьер-министр біршама мәселелерге тоқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шаруаларға мемлекет қолдауын дұрыстап түсіндіру керек - Әлихан Смайылов

Әлихан Смайылов ауыл шаруашылығына инвестиция көлемін арттыру керегін айтты. Әрі мемлекет тарапынан көрсетілетін көмектерді шаруаларға дұрыстап түсіндіруді тапсырды. 

«Жалпы ауыл шаруашылық саласына инвестиция тарту өте маңызды мәселе. Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығына тартылған инвестиция көлемі 8 пайызға ұлғайған. Биыл бұл көрсеткішті одан да жоғарылатуымыз керек. Ол үшін біз бюджеттен 25 пайыз қайтару субсидиясын көздегенбіз. Ал көкөністі сақтау қоймалары үшін субсидия көлемін 50 пайызға дейін жеткіздік. Сондықтан мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдауларды шаруаларға дұрыстап түсіндіру керек. Үйлестіру жұмыстары өте маңызды», деді Премьер-министр.