«Көрмеге келушілер Қазақстан әдебиеті классиктерінің шығармаларын аудару және қайта басып шығарудағы орасан зор жұмысты атап өтіп, ұсынылған кітаптарға қызығушылық танытты. Елшілік пен «Жара» баспасы бірлесіп жүргізіп жатқан жұмыстар литвалық оқырмандардың қазақ халқының мәдениеті мен тарихы, оның жаны мен тағдыры туралы білімдерін кеңейтуге бағытталған», делінген СІМ баспасөз қызметінің хабарламасында.
Литвалық баспагер Айдас Жандарис «Абай жолы» романының қайта басылу тарихы туралы айтып берген.