Өнер • 26 Ақпан, 2023

Француз әуендері

345 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ел астанасында қазақ музыкалық аспаптарының сүйе­мелдеуімен белгілі француз әндері мен француз мю­зикл­дерінің хит туындылары шырқалды. Әуезді кеш­тің авторы – «Қазақконцерт» солисі, әнші Гүлнәр Көшенова.

Француз әуендері

Жас әншінің «La vie en rose» атты концертінде фран­цуз әндерінің жаңаша үні ес­­тіліп, романтикаға то­лы Фран­ция мәдениеті ұсы­ныл­ды.

Айта кетейік, Гүлнәр Кө­шенова «Х-фактор», «Қазақ­стан дауысы», «Top jargan» сынды тележобалардың фи­налисі, республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаты ретінде танымал. Әншінің репертуарында поп-музыка, джаз, ретро, романс бағытындағы туындылар бар.

Аталған кеш «Астана са­зы» этно-фольклорлық ан­самблі­нің сүйемелдеуімен және белгілі музыкант-мульти инс­трументалист Әділжан То­лық­баевтың қатысуымен өтті

Француз музыкасына ар­­налған концертте Мирей Матье, Эдит Пиаф, Джо Дас­сен, Ив Монтан, Изабель Жеф­фруа (Zaz) сынды атақ­ты әртіс­тердің әндері, танымал ки­но­­фильмдер мен мюзикл­дердің композициялары француз және қазақ тілдерінде орын­далды.