Олжас Құсайын мен Нұрсат Керей City University of Hong Kong (CityU) университетін таңдады. Гонконг қалалық университеті жоғары оқу орындарының әлемдік рейтингінде (World QS Ranking) 54-ші және университеттердің Азиялық рейтингінде 23-ші орында тұрақтаған. Бұл – ғылыми-зерттеу және жоғары білім беру саласында беделі жоғары, әлемдік деңгейде қарқынды дамып келе жатқан оқу ордасы. Олжас электр инженериясы бағдарламасын таңдаған. Ал Нұрсат биоинженер болуды армандайды.
Айсана Басағаринова Гонконг Қытай университетінің (Тhe Chinese University of Hong Kong) грант иегері атанды, ол да биоинженерлік салаға бет бұруды мақсат етіп отыр.
Бүгінгі таңда Гонконг университеттерінде Петропавлдағы зияткерлік мектептің 3 түлегі оқиды. Екеуі Hong Kong Polytechnic University студенті, тағы біреуі Hong Kong University-де білім алып жатыр.