Әлем • 27 Ақпан, 2023

Қытай мен Қырғызстан шекарасында жер сілкінді

544 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қытай мен Қырғызстан шекарасында магнитудасы 5,6 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Egemen.kz  some.kz сайтына сілтеме жасап.

Қытай мен Қырғызстан шекарасында жер сілкінді

Төтенше жағдайлар министрлігі «СТӘЭ» ЖШС-нің сейсмикалық станциялар желісі 27 ақпанда Алматы уақыты бойынша таңғы сағат 5:58-де жер сілкінісін тіркеді. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 278 шақырым жерде, Қырғызстан мен Қытай шекарасында орналасқан.

«Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 12,1. Магнитудасы - 5,6. Тереңдігі - 10 шақырым», делінген хабарламада

Сондай-ақ бүгін Алматы уақыты бойынша 03:42-де тағы бір жер сілкінісі тіркелген.

Бұл зілзаланың ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 279 шақырым жерде Қырғызстан аумағында орналасқан.

Магнитудасы - 5,9. Алматыда 2 балл сезілген.