Мәжіліс жұмысына «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек, Парламент Мәжілісінің вице-спикері, партияның Мәжілістегі фракциясының жетекшісі Дариға Назарбаева, фракция төралқасының мүшелері, Сайлауалды тұғырнама бағыттарының партиялық және өңірлік тәлімгерлері, сондай-ақ, селекторлық байланыс арқылы партия филиалдарының басшылығы, мәслихаттардағы партия фракцияларының жетекшілері, мәслихаттар хатшылары қатысты.
Шараның ашылуында сөз алған Бауыржан Байбек фракцияның барлық бастамалары мен заң жобаларының партиялық Сайлауалды тұғырнама міндеттерін іске асыруға бағытталғанын айрықша атады. «Сайлауалды міндеттемелерді іске асырудың аясында партия 12 заңның қабылдануына атсалысты. Заң жобаларына енгізілген түзетулер мен өзгертулердің 90%-ға жуығы «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшелері тарапынан қолға алынды. Ағымдағы сессияда нұротандық депутаттар 10 заң жобасын ортаға салып, 131 депутаттық сұраным жасады», деді Б.Байбек.
Өз кезегінде Дариға Назарбаева «депутаттық корпустың қызметі, жұмыс істеу тәсілі мен әдісі қоғамның рухы мен даму үрдісіне және Мемлекет басшысы реформаларының мағынасына сәйкес келуі керек» екенін атап өтті.
Жиын қатысушылары сайлауалды уәделердің ойдағыдай орындалып жатқанын сөз етті. Айталық, 2013 жылдың қорытындысы бойынша партия Тұғырнамасының 47 көрсеткішінен (70%) оңды нәтижеге қол жеткізілген. Бұл – 2017 жылға дейін есептелген жоспар. Оның ішінде 11 көрсеткіш (16%) уақытынан бұрын орындалды.
Партияның Саяси кеңес бюросы Сайлауалды тұғырнаманың іске асырылуын қадағалаудың кешенді әрі жүйелік шараларын әзірледі. Осы бағыттың аясында партиялық тәлімгер тарапынан Тұғырнама басымдықтарын атқарушы органдардың іске асыруын бақылау бойынша бірқатар ұсынымдар берілді.
Отырыс барысында қатысушылар Парламент Мәжілісінде және мәслихаттарда партиялық фракцияның өзара іс-қимылының жетілдіріле түскенін атап өтті. Өз кезегінде, бұл Сайлауалды тұғырнаманың орталықта және жергілікті жерлерде табысты іске асырылуының жүйелілігін қамтамасыз етуге тиіс. Мысалы, барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының 97 пайызы (3218 адам) «Нұр Отан» партиясының мүшелері болып табылады.
Бейне-конференция пішіні үлгісінде аймақтардың өкілдері заңнаманы жетілдіру туралы ұсыныс жасады, партиялық кураторлардың қызметі, депутаттардың тұрғындармен жұмыс істеуі, фракция мен партия филиалдарының өзара қарым-қатынасы мәселелерін қозғады және партияның Сайлауалды тұғырнамасының орындалуы бірлесіп істеген жұмыстың басты нәтижесі болуы тиістігін атап өтті.
«Қазақстан-2050» Стратегиясының басты басымдықтарын іске асырудың аясында Сайлауалды тұғырнамада партия фракциясының нақты партияішілік байланысын арттыру аса маңызды. Яғни, ел аумағындағы әртүрлі деңгейдегі құзырлы органдар аясындағы қарым-қатынас үлгісін оңтайландыру зор маңызға ие.
Бұдан бөлек, Сайлауалды тұғырнаманың іске асырылуының ашықтығын қамтамасыз ету үшін сарапшы топтардың жұмысына азаматтық сектор өкілдері көптеп тартылуда. Мысалы, республикалық деңгейде олардың бастамаларына – 50, ал, өңірлік деңгейде 250 ҮЕҰ қатысуда.
Отырыс қорытындысы бойынша Парламент Мәжілісіндегі «Нұр Отан» партиясы фракциясы мен мәслихаттардың өзара қарым-қатынасын арттыруға байланысты нақты шаралар белгіленді.
«Егемен-ақпарат».

Қазақстанда ипотеканы өтеудің жаңа ережелері күшіне енді
Ипотека • Бүгін, 21:00
Алматыда су үстіндегі бақ пен EXPO орталығы салынады
Алматы • Бүгін, 20:30
Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының ашылу рәсіміне қатысты
Президент • Бүгін, 20:05
Әскерге шақырту алған кезде не істеу керек?
Әскер • Бүгін, 19:55
Тегін 10 сотық жерді қалай алуға болады?
Қоғам • Бүгін, 19:45
Алматыда хайуанаттар бағында арыстанға тас лақтырған ер адамға айыппұл салынды
Оқиға • Бүгін, 19:20
Анталия дипломатиялық форумы: Қазақстанның халықаралық рөлі қандай?
Форум • Бүгін, 19:06
Жетісуда полицейлер көлік өртін сөндіріп, адамдарды құтқарды
Оқиға • Бүгін, 19:00
«Ұлы дала: Тұран өркениеті» халықаралық зерттеу орталығы ашылды
Ғылым • Бүгін, 18:40
Таеквондошылар төртінші жүлдеге қол жеткізді
Спорт • Бүгін, 18:05
«Келешек мектептері» оқушылары арасында футзалдан республикалық турнир аяқталды
Келешек мектептері • Бүгін, 18:03
Қасым-Жомарт Тоқаев: БҰҰ превентивті дипломатияға баса назар аудару керек
Президент • Бүгін, 17:59
Президент бүгінгі көшбасшылардың бойынан табылуға тиіс қасиеттерді атады
Президент • Бүгін, 17:48
Тоқаев: Біріккен Ұлттар Ұйымын реформалау мәселесіне жауапкершілікпен қарау керек
Президент • Бүгін, 17:35
Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысты
Президент • Бүгін, 17:31