Ауа райы • 28 Ақпан, 2023

Қыстың соңғы күні: Бүгін ауа райы қандай болады?

422 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазгидромет» РМК 28 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қыстың соңғы күні: Бүгін ауа райы қандай болады?

Синоптиктердің мәліметінше, бүгін еліміздің басым бөлігі ауқымды антициклон ықпалында болғандықтан, жауын-шашын жаумайды. Тек Қазақстанның батысы мен солтүстігіне Атлантика циклоны ықпал етеді. Осыған байланысты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауып, көктайғақ болады.

Елдің солтүстігінде бұрқасын күтіледі. Қазақстан бойынша тұман түседі, жел күшейеді.