Мәселен, «Мас жүргізуші - қылмыскер» жедел-алдын алу іс-шарасы шеңберінде патрульдік полиция полкінің қызметкерлері ЖҚЕ бұзушылықтарын анықтау және жолын кесу мақсатында сағат 03:40 шамасында «Лада» маркалы көлікті тоқтатты. Көлікті 29 жастағы жігіт басқарған және одан алкогольдің иісі шығып тұрған. Медициналық куәландыру нәтижелері бойынша оның жеңіл дәрежедегі алкогольдік масаңдығы анықталды.
Құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК 608-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды. Іс жүргізу шешімін сот қабылдайды. Автомашина коммуналдық тұраққа қойылды.
Жедел-алдын алу іс-шарасын жүргізу кезеңінде полиция қызметкерлері көлік құралын мас күйінде басқарған 19 адамды анықтады, оның ішінде біреуі көлік басқару құқығынан айырылғаны және көлікті мас күйінде жүргізгені анықталды.