Қаржы • 01 Наурыз, 2023

Доллар бағамы тағы төмендеді

212 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қор нарығында доллардың теңгеге шаққандағы бағамы тағы төмендеді, деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстан қор биржасының (KASE) мәліметтеріне сілтеме жасап.

Доллар бағамы тағы төмендеді

Күндізгі сауданың нәтижесінде доллардың орташа сараланған бағамы 3,55 теңгеге төмендеп, 442,11 теңгені құрады. Айта кетейік, Ұлттық банктің 1 наурыздағы бір долларға арналған ресми бағамы 445,82 теңгені құрайды.

Kurs.kz хабарлағандай, дәл қазір Астананың ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 441,40 теңгеден сатып алынып, 444,89 теңгеден сатылып жатыр. Алматының ақша айырбастау орындарында долларды орташа сатып алу – 442,85 теңге, сату – 446,56 теңге.