Өнер • 01 Наурыз, 2023

Ретро концерт

313 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әйгілі «Дос-Мұқасан» ансамблінің 55 жылдығы мен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші-композитор Мұрат Құсайыновтың 75 жылдық мерейтойына орай Тараздағы «Баласағұн» орталық концерт залында ретро концерт ұйымдастырылды.

Ретро концерт

Елу жылдан астам уақыт бойы танымал топтың көркемдік же­текшісі қызметін атқарып келе жатқан Мұрат Құсайы­нов­тың ме­рей­­тойына арналған іс-шараға өңір бас­шысы Нұржан Нұржігітов ар­найы қа­тысып, өнер әлемінің өш­пес жұлдызын ме­рейлі жасымен құт­тықтады.

– Қазақ өнерінде өшпес орны бар әйгілі эстрадалық вокалды аспаптар ансамблін әр буын, әсіресе біздің қатар­ластар мен аға буын қатты құр­меттейді. Елу жылдан астам уақыт бойы өнер­дің өрінен көрініп, төрінен түс­пеген «Дос-Мұқасанның» ретро әндері ешқашан өлмек емес. Ансамбльдің негізін қалау­шы­лардың бірі, дарабоз әнші, бел­гілі композитор Мұрат ағаны ме­рейтойымен құттықтаймыз. Кенен Әзірбаев туған қасиетті Қор­дайдың тумасы ретінде сізбен әр­қашан мақтанамыз. Өйткені өнер әлеміндегі еселі еңбегіңіз ел­дің көз алдында. Әсіресе ба­ла ке­зімізден тыңдап өскен «Той жы­ры» әні әлі күнге дейін халық­пен бірге жасап келеді. Сол уа­қыттан бері үйлену той­лары­ның «гимніне» айналғаны да рас. Ансамбль репертуарындағы өз шы­ғармаларыңыздан бөлек, ха­лық әндері де халықтың жүрегінен өшпейді, – деді Н.Нұржігітов.

М.Құсайыновтың мерейтойына арналған концертке жиналған аға буын өкілдері жастық шақты еске алып, ретро әндерді сүйікті әншілерімен қосылып шырқады. Өнердің төрінен түспеген белгілі ансамбль мүшелеріне қошемет көрсетті.

 

ТАРАЗ