Оқиға • 02 Наурыз, 2023

Новосибирск-Семей жолаушылар автобусы мен жүк көлігі соқтығысты

164 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ресей Федерациясы Алтай өлкесінің Рубцовский ауданында автобус жүк көлігімен соқтығысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Новосибирск-Семей жолаушылар автобусы мен жүк көлігі соқтығысты

«Бүгін Рубцовский ауданындағы А-322 тасжолында Новосибирск-Семей жолаушылар автобусы жүк көлігімен соқтығысты», деп хабарлады жергілікті ТЖМ.

Салдарынан автобустың екі жолаушысы қаза тауып, тағы бесеуі жарақат алды.

Оқиға орнында Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері жұмыс істеді.