Мәдениет • 02 Наурыз, 2023

Оралхан Бөкейдің музей-үйі мемлекет меншігіне берілді

591 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

1 наурыз Оралхан оқырмандары үшін қуанышты күн. Жиырма жылдай жабық тұрған Оралхан Бөкейдің Шыңғыстайдағы музей-үйі мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оралхан Бөкейдің музей-үйі мемлекет меншігіне берілді

Музей-үй осы уақытқа дейін жазушының қарындасы Ғалия Бөкейдің меншігінде еді.

Аудан әкімі Ділдар Қалиханның айтуынша, енді үйдің іші-сыртына жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Ал мұражайдың алдына жазушының жаңа мүсіні қойылады.

Айта кетсек, биыл жазушының туғанына 80 жыл.

Оралхан Бөкейдің қарашаңырағы бұған дейін де музей ретінде ашылған еді. Алайда көпшілікке белгісіз себептерге қатысты жабылып қалған-ды. 

Бұл мәселе «Egemen Qazaqstan» газетінде бұған дейін де көтерілгенін атап өту керек. Қаламгердің қарындасы Ғалия Бөкеймен сұхбаттасып, қайраткердің шығармашылығын на­сихаттау мақсатында ұйымдастырылып отырған «Оралхан оқулары» не себепті өткізілмей кеткені, алғашында есігін айқара ашқан музей қандай себептерге байланысты жабылып қалғаны туралы ақпарат алған едік.