Қасым-Жомарт Тоқаевқа былтыр халықаралық университеттердің үш өкілдігі ашылғаны және биыл бес жаңа филиал ашылатыны жөнінде ақпарат берілді.
Бұдан бөлек, министр 2023-2029 жылдарға арналған Жоғары білім мен ғылымды дамыту тұжырымдамасының жобасын ұсынды. Құжатта аталған саланы дамытудың барлық стратегиялық міндеті мен көрсеткіші қамтылған.
Мемлекет басшысына ғылыми қызметкерлердің жалақысы 2 есе өскені және іргелі зерттеу жұмыстарымен айналысатын ҒЗИ-ды тікелей қаржыландыру мәселесі жөнінде баяндалды. Алдағы 3 жылда ғылыми жұмыстарды қаржыландыру 3,5 есеге артады.
Министрлік студенттер мен магистранттардың стипендиясын кезең-кезеңмен өсіруді және студенттер жатақханаларында 7 жыл бойы жыл сайын жаңадан 10 000 орын ашуды жоспарлап отыр.
Саясат Нұрбектің айтуынша, 15 өңірлік және 5 педагогикалық ЖОО базасында ғылымды әкімшілендірудің жаңа моделін енгізу және академиялық басымдық орталықтарын құру мәселесі пысықталып жатыр.
Қасым-Жомарт Тоқаев жоғары білім алуға қолжетімділікті арттырудың және университет инфрақұрылымын дамытудың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ жуық арада ғылымды әкімшілендірудің жаңа моделіне көшу қажеттігін айтты.
Президент Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбекті қабылдады. Кездесу барысында Қонаев қаласында академиялық қалашық салу жұмыстары басталғаны туралы есеп берілді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Астанада XVIІ «Жан Шуақ» сыйлығының лауреаттары марапатталды
Қоғам • Бүгін, 21:12
Елордадан 556 мың текше метр қар шығарылды
Елорда • Бүгін, 20:47
Президент сот жүйесін реформалауға бағытталған заңға қол қойды
Заң • Бүгін, 19:37
Мектеп бағдарламасына жаңа пән енгізілуі мүмкін
Білім • Бүгін, 19:20
Мәдени құндылықтарды қорлағандарды қылмыстық жауапкершілікке тарту ұсынылды
Қоғам • Бүгін, 18:35
Аймақтық қоғамдық кеңестерге арналған стади-тур өтті
Қоғам • Бүгін, 18:09