Аймақтар • 03 Наурыз, 2023

Полицейге қарсылық көрсеткен қостанайлық қамауға алынды

334 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанай тұрғыны полицейге қарсылық танытқаны үшін 5 тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Полицейге қарсылық көрсеткен қостанайлық қамауға алынды

1 наурыз күні учаскелік полиция инспекторына шағым түскен. Көпқабатты үйдің тұрғындары күнделікті жалға берілетін пәтер иелеріне шағымданып, онда үнемі айқай-шу естіліп, алкоголь ішкен адамдарды жиі көретіндерін айтқан.

«Учаскелік полиция инспекторы серіктесімен бірге аталған мекенжайға келіп, пәтердің есігін қаққан. Ол жерден мас күйдегі сегіз азамат шығып, озбыр мінез танытқан. Балағат сөздерді доғару туралы өтінішке олардың бірі учаскелік қызметкерді нысанды киімінен ұстап алып, полиция қызметкерінің заңды талаптарына мойынсұнбаған. Ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қостанай қаласының әкімшілік сотымен құқық бұзушы 5 тәулікке қамауға алынды», деп жазылған Рolisia.kz таратқан ақпаратта.