25 Маусым, 2014

Алып ағаш

946 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Изображение 1112641Оның 1300 жылдық тарихы бар Қарнақ ауылында 1300 жыл бойы өсіп тұрған тұт ағашы бар. Оның енін бойлағанда алты адамның құшағы әрең жетеді. Имам Бақли мазарында орна­ласқан бәйтерек жайында әртүрлі аңыз әңгімелер бар. Соның біреуін бізді ағашқа алып барған Қарнақ ауылдық өзбек этномәдени орталығының төрағасы Хусан Садиров айтып берді. Әңгі­­­­меге қарағанда, осы жерді мекен етуші Имам Бақли Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) әскер басы­ның бір өкілі болған екен. Елді ислам­ға шақырып, мұсыл­ман­шылықты үй­рету үшін осында қалыпты. Сол кісінің отыр­­­ғызған тұт ағашы деген де бір әпсана бар. Бүгінде бұл ағаш Имам Бақли мазарында үлкен болып өсіп тұр. Сабыржан Юсупов мұндай бәйтерек ауылда екеу болғанын айтады. Оның бірі бұдан көп жыл бұрын балалар сол маңда от жағып ойнап жүргенде өртеніп кетіпті. Алып ағаштың әулиелік қасиеті де жоқ емес. – Қазіргі өсіп тұрған алып ағаштың бір жерін түртіп, жапырағын жұлып, зиян тигізсе адамның түсіне небір жаман оқиғалар кіреді екен. Бұрындары ағаштың төменгі жағынан ағып өтетін бұлақ болғ­ан. Сол суды ішкен адам ауруы­нан тез айығып, жаралары де жазылып кететін. Өзіміз кішкентай күнімізде осы маңда тұр­дық. Қатарлас балалар күнде осында ойнайтынбыз. Ағаштың ортасы кеуектеніп кеткен. Жаңбыр жауа қалса, ішіне онға жуық бала кіріп паналап отыратынбыз. Бұрындары мұнда алыс­тан зиярат етіп келушілер көп болатын. Олар ағаштың астында құран оқытып, ас беретін. Әлі де әулие ағашы деп арнайы келетіндер бар. Алдағы уақытта сол маңды тазалап, жол салып реттеп қоюды жоспарлап отырмыз, – дейді ауылдық ақса­­­­қалдар кеңесінің төрағасы Сабыржан Юсупов. Бүгінгі күні алып ағаш қартай­­ға­ны­мен, өмір сүруге ұмтылысын көр­се­тіп, бұтақтары көгеріп, жа­пырақ ашып тұр. Бір қызығы мұн­дағы тұрғындардың көп­шілігі ауылда осындай алып ағаштың бар екенін білмейді екен. Қайрат ЗАЙНИШЕВ. Оңтүстік Қазақстан облысы.