Қазақстан • 06 Наурыз, 2023

Қазақстанда міндетті бейнебақылау ережесі бекітілді

405 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бейнебақылау жүйелері жеке гигиена орындарын қоспағанда, келушілердің жүру маршруттары мен режимдік кабинеттерді де қамтиды, деп хабарлайды Egemen.kz Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстанда міндетті бейнебақылау ережесі бекітілді

Биыл 27 ақпанда Бас прокуратураның бастамасымен қылмыстық қудалау органдары полицияның пенитенциарлық мекемелері мен қызметтік үй-жайларында, құқық қорғау органдарының барлық жедел-тергеу бөлімшесінде бейнебақылау жүйеcінің жұмыс істеу қағидасын бекітті.

«Бейнебақылау жүйелері жеке гигиена орындарын қоспағанда, келушілердің жүру маршруттары мен режимдік кабинеттерді де қамтиды. Нақты уақыт режимінде бейнежазбаларды қашықтан қарауға және бұзушылықтардың жолын кесу жөнінде жедел шаралар қабылдауға құқығы бар адамдардың тізбесі қалыптастырылды. Бұл шаралар Қазақстан ратификациялаған азаптауға қарсы халықаралық актілерге сай келеді және тергеудің рұқсат етілмеген әдістерін болдырмауға бағытталған», делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, бейнежазбаларды адвокаттар, жәбірленушілер, күдіктілер, айыпталушылар, сот және басқа органдар дәлел ретінде пайдалана алады.