Қазақстан бойынша батыстан шығысқа қарай Атлантикалық циклон ауысады. Қар аралас жаңбыр, жаяу бұрқасын, екпінді жел және көктайғақ күтіледі. Бүкіл кезең бойы шығыста, 7 наурызда солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта, 8 наурызда оңтүстікте, 8-9 наурызда еліміздің оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын жауады.
Тек 8-9 наурызда батыста, 9 наурызда еліміздің орталығында жауын-шашынның тоқтауы болжанады. Республика бойынша тұман күтіледі.
Кезеңнің соңында еліміздің солтүстік, орталық, шығыс өңірлерінде түнгі уақытта температуралық фон 7-17 аязға дейін, оңтүстік өңірлерде түнде 5 аяз - 5 жылыға дейін, күндіз 5-12 жылыға дейін төмендеуі мүмкін.