Қазақстан • 06 Наурыз, 2023

Түркияға көмекке барған құтқарушылар марапатталды

304 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Түркияда іздестіру-құтқару жұмыстарына қатысқан Астана, Ақмола және Қарағанды облыстарының құтқарушыларына, ЦӘК қызметкерлеріне марапаттарды салтанатты түрде тапсырып, Президенттің алғысын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Түркияға көмекке барған құтқарушылар марапатталды

Түркиядағы жойқын жер сілкінісін жою кезеңінде қызметтік міндеттерін адал атқарғаны және көрсеткен ерлігі үшін барлығы 59 қызметкер марапатталды. Оның ішінде 8 қызметкер мемлекеттік наградаларға ие болды, 51 қызметкер Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатымен және ведомстволық наградалармен наградталды.

Министр Республика Президентінің атынан және өз атынан адам өмірін сақтап қалуға мүмкіндік берген төтенше жағдайларда көрсеткен батылдығы мен жоғары кәсібилігі үшін ұйқыларын аямай батылдық танытып, ержүректікпен еңбек еткен барлық марапатталғандарға алғыс айтты.

Өткен аптада министр Түркиядағы жер сілкінісін жойған Алматы қаласындағы ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушыларын марапаттады. Оларға мемлекеттік наградалар, ҚР Президентінің Алғыс хаттары, сондай-ақ ведомстволық наградалар - медальдар мен төсбелгілер табыс етілді.

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 7 ақпанда құтқару бөлімшелерінің күштері мен құралдары, оның ішінде Қазақстан ТЖМ құтқарушылары, Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері және кинологиялық есептоптар алғашқылардың бірі болып екі эшелонмен жолға шығып, ең күрделі қираған объектілерде іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізуге кірісті. Қазақстандық құтқарушылар тобын ТЖ бірінші вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев басқарды.