Теннис • 06 Наурыз, 2023

Рейтингте ілгерілеу жоқ

173 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кәсіби теннисшілер (ATP) мен Әйел­дер теннисі қауымдастығы (WTA) дәстүр бойынша апта басында спорт­шылардың рейтингін жариялады.

Рейтингте  ілгерілеу жоқ

Әйелдер арасындағы рейтингте аса көп өзгеріс байқала қойған жоқ. Еліміздің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина бұрынғыдай рейтингтегі 10-орнын сақтап қалса, Юлия Путинцева өткен аптамен салыстырғанда екі саты төмендеп, жағдайын біраз нашарлатып алды. Бір апта бұрын ТОП-40 теннисшінің қатарында тұрған жерлесіміз бұл күндері 42-орынға жайғасты. Көш басындағы үздіктер де өзгеріссіз қалды. Әйелдер арасында әдеттегідей Ига Свентек (Польша) бірінші орынды еншілеп тұрса, оны Арина Соболенко (Беларусь) мен Джессика Пегула өкшелеп келеді.

Ерлер арасындағы еліміздің бірінші ракеткасы Александр Бублик те АТР тізімін­дегі өз орнын сақтап қалды. Ал Тимо­фей Скатов алты саты төмендеп, 140-орынға тұрақтады. Ерлер бәсекесінде Новак Джо­кович (Сербия) алда келеді. Одан кейінгі орындарға Карлос Алькарас (Испания) пен Стефанос Циципас (Грекия) жайғасқан.