Аймақтар • 07 Наурыз, 2023

СҚО-да мұрағаттарға орын тапшы

181 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Солтүстік Қазақстан облысында мұрағат мекемелеріне ғимараттар жетіспейді, деп хабарлайды Egemen.kz.

СҚО-да мұрағаттарға орын тапшы

Мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат ісі басқармасының басшысы Досбол Әбдірісов брифингте қоймалардың жүктемесіне байланысты мұрағат мекемелерінің инфрақұрылымын жақсарту мәселесі бірінші кезекте тұрғанын атап өтті.

«Өнеркәсіпке мұрағаттар үшін заманауи типтік ғимараттар салу немесе босатылған мемлекеттік мүлік есебінен бос үй-жайларды бөлу қажет. Соңғы үш жылда біз Қызылжар және Есіл аудандарының мұрағат филиалдарына ғимараттар сатып алдық. Қазір қалалық мұрағат пен Уәлиханов ауданына үй-жай бөлу мәселесі қарастырылып жатыр», деді Досбол Әбдірісов.

Облыстық мұрағаттар жылына 30 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетеді.

«Архив саласы тарихи-мәдени мұраны сақтау, дамыту және насихаттауда маңызды рөл атқарады және ғылыми-зерттеу қызметінің орталық буыны болып есептеледі. Соның бір дәлелі – тарихи тұлғалардың ұмыт болған есімдерін жаңғырту, саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау, тарихи орындарды қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Биыл мұрағат саласына 100 жыл толып отыр. Архившілердің республикалық форумы мен «Архив – алтын қазына» халықаралық конференциясын өткізу жоспарланып жатыр», деп қосты Досбол Әбдірісов.

Облыста 14 филиалы бар бір мемлекеттік мұрағат бар, оның қорында 1,7 миллионнан астам құжат бар.