Қоғам • 09 Наурыз, 2023

Гүлмира Кәрімованың қайтыс болу фактісіне бірқатар түсініктеме берілді

283 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов депутат Гүлмира Кәрімованың қайтыс болу фактісіне қатысты бірқатар түсініктеме берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Гүлмира Кәрімованың қайтыс болу фактісіне бірқатар түсініктеме берілді

Гүлмира Кәрімованың қайтыс болу фактісі сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді.

«Кез келген өлімнің себебін анықтау үшін арнайы зерттеулер, сараптамалар жүргізіледі. Ол үшін СДТБТ-ға тіркелу қажет. Өлім себептерін анықтау мақсатында ешқандай іс қозғалмады, сот-медициналық сараптама мен басқа да тексерулер тағайындалды. Бұл әдеттегі рәсім», деп атап өтті министр.

Еске сала кетсек, Гүлмира Кәрімова 27 қаңтарда 45 жасында қайтыс болды. Парламенттің баспасөз қызметі хабарлағандай, бұған анафилактикалық шок себеп болған.