Спорт • 09 Наурыз, 2023

Италияда өтетін қысқы Олимпиада ойындарының тұмары таңдалды

342 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Милан мен Кортина-д'Ампеццо қалаларында өтетін 2026 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарының бойтұмары ақ және қоңыр түсті дулығалы ақкіс (ақ тышқан) болмақ, деп хабарлайды Egemen.kz.

Италияда өтетін қысқы Олимпиада ойындарының тұмары таңдалды

Жоғары көрсетілген суретті Италияның Катанзаро провинциясында тұратын мектеп оқушылары салған. Ақкістің бірі ақ болса, екіншісі қоңыр түсті. Айта кетсек, Олимпиаданың бойтұмарлары жалпыхалықтық дауыс беру арқылы таңдалды, қатысушылардың 53%-ы тышқандарға дауыс берген.

Inside the Games басылымы нақтылағандай, екінші орын Эдельвейс гүліне бұйырды.

Конкурсқа Италияның 81 провинциясынан 681 сынып пен 82 мектептен барлығы 1600 өтінім берілді. Итальяндық студенттер Олимпиада мен Паралимпиадаға екі кейіпкердің кескінін ұсынған.

Милан мен Кортина-д'Ампеццодағы Олимпиада ойындары 2026 жылдың 6-22 ақпаны аралығында өтеді деп жоспарланған. Ал Паралимпиада ойындары 6-15 наурыз аралығында өтеді.

Соңғы жаңалықтар

Олжас!.. (Эссе)

Тұлға • Кеше

Ерім дейтін ел қайда?

Өшпес даңқ • Кеше

Күтумен өткен ғұмыр

Өшпес даңқ • Кеше

Смағұл сапасы

Тұлға • Кеше

Мұстахара

Жәдігер • Кеше

Керек дерек

Digital • Кеше

«Түркістан сақшылары» – ЖИ жемісі

Жасанды интеллект • Кеше