Экология • 09 Наурыз, 2023

2050 жылға қарай пластмасса тұтыну екі есе артады

199 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгінде пластмасс өндірісі ұлғайып бара жатыр. Экологияға зиян келтіретін қалдықтардың көбеюі тұтас әлемді алаңдатып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

2050 жылға қарай пластмасса тұтыну екі есе артады

Біз күнделікті өмірде пластмасс заттарды және пластмасс қаптамадағы заттарды жиі тұтынамыз. Ірі өндіруші компаниялар пластмасс өндірісін жылдан жылға ұлғайтып жатыр. Олардың кішігірім эко акциялары өңделуі қиын және қайта өңдеуге келмейтін қалдықтарды азайтуға қауқарсыз.

Ғалымдар бұл өндіріске белгілі бір деңгейде шектеу қоймаса немесе арнайы заңмен реттемесе 2050 жылға қарай платмассты тұтыну екі есеге өседі деп болжап отыр. 

Осыған орай міндетті жаһандық келісім құру ұсынысы ортаға салынды. Economist Impact талдау орталығы мен Nippon Foundation жеке қайырымдылық ұйымы басқаратын Вack to Blue зерттеу тобының пікірінше, бір реттік пластикті қайта өңдеуді ұлғайту немесе тұтынуды азайту бойынша қолданыстағы бағдарламалар тек сөз жүзінде қалып жатыр. Сондықтан жан-жақты жаһандық жоспар қажет.

Біріккен Ұлттар Ұйымы келесі жылдың соңына дейін заңды күші бар шартты әзірлеу мақсатында қараша айында Уругвайда қоршаған ортаның пластикпен ластануына қарсы келісім бойынша келіссөздерді бастаған. Келіссөзге 175-ке жуық ел қатысты.

Жиында бір реттік пластикке қатаң тыйым салу туралы үндеу, сонымен қатар ірі өндіріс компанияларына қайта өңдеу мен қалдықтарды кәдеге жарату жауапкершілігін жүктеуге арналған міндетті шарттар ұсынылды.

«Егер бұл келіссөз қолдау таппаса, заңды күшіне енбесе осы ғасырдың ортасына дейін пластмас қалдықтар 451 миллион тоннаға дейін жетеді», дейді Вack to Blue зерттеу тобы.

Соңғы жаңалықтар