Президент • 09 Наурыз, 2023

Мемлекет басшысы Қарашығанақты кеңейту жобасымен танысты

284 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қарашығанақты кеңейту жобасымен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Қарашығанақты кеңейту жобасымен танысты

Қарашығанақты кеңейту жобасының 2021-2024 жылдарға жоспарланған  алғашқы кезеңінде 5-ші газды қайта айдау компрессоры мен басқа да өндіріс нысандарының құрылысы жүріп жатыр. Жобаның бұл кезеңінде 970 миллион доллар инвестиция құйылып, 3500-ге жуық адам жұмысқа тартылады.

Пр

Жобаның 2023-2026 жылдарға жоспарланған келесі кезеңінде 6-шы газды кері айдау компрессорының құрылысы жүргізіледі. Бұл кезеңде 735 миллион доллар қаржы жұмсалып, 1300 жаңа жұмыс орны ашылады.
Қарашығанақты кеңейту жобасы сұйық көмірсутегін өндіру деңгейін 46 миллион тоннаға дейін ұлғайтып, Қазақстан Республикасы мен Қарашығанақ жобасының серіктестеріне қосымша табыс табуға мүмкіндік береді.

Қарашығанақ әлемдегі ең ірі мұнай-газ кен орындарының бірі саналады

1997 жылдан бері инвесторлар Қарашығанақ кен орнын игеруге 30 миллиард долларға жуық қаржы құйған.

Жоба жүзеге асырыла басталғалы бері ҚПО ел экономикасына 57,4 миллиард доллар көлемінде табыс әкелді. Оның ішінде 45,9 миллиард доллар бюджетке  салықтар, төлемдер және өнімдегі үлес есебінен түсті.

«Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В» 3,8 мың адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Ал консорциумға түрлі қызмет көрсетіп, өнім жеткізетін 142 мердігер мекемеде 20 мыңға жуық адам еңбек етеді.

Компания 1998 жылдан бері өңірдегі әлеуметтік-инфрақұрылымдық жобаларға 754,5 миллион доллар бөлген.  Бұл қаржыға Батыс Қазақстан облысы бойынша 16 аурухана мен емхана, 3 дене шынықтыру-спорт кешені, 34 мектеп пен балабақша, театрлар және мәдени орталықтар және басқа да инфрақұрылымдар салынған.

Пп