
Плей-оффтағы жауапты матчтарда айтарлықтай тосын нәтижелер тіркелген жоқ. Тек алғашқы ойында Германияның «Боруссия Д» клубынан 1:0 есебімен жеңілген Англияның «Челсиі» өз алаңындағы қарымта матчта қарсыластарын 2:0 есебімен жеңіп, келесі кезеңге шықты. Ал қатар өткен екінші матчта «Бенфика» Португалияда «Брюггені» 5:1 есебімен тізе бүктірді.
Ал ертесі күнгі кездесулерде «Бавария» Мюнхенде ПСЖ клубын 2:0 есебімен тізе бүктіріп, франциялықтарды жарыс жолынан ығыстырса, Италияның «Миланы» сырт алаңда «Тоттэнхэммен» тең ойнап (0:0), өз алаңындағы жеңісінің (1:0) нәтижесінде ширек финалға шықты.