Экономика • 14 Наурыз, 2023

Қытайдан тауар тасымалдайтын пойыз іске қосылды

353 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қытай әлемнің барлық дерлік еліне ең көп тауар жеткізетіні баршаға мәлім. Енді онлайн сатып алған тауарларды делдалсыз пойыз арқылы жеткізуге мүмкіндік туды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қытайдан тауар тасымалдайтын пойыз іске қосылды

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ интернет-дүкендерден сатып алынған тауарларды апта сайын тасымалдайтын транзиттік пойыз іске қосылғанын хабарлады.

«Интернет арқылы сатып алынған тауарлары бар тұрақты транзиттік шаттл-пойыз Үрімші (ҚХР) бағыты бойынша Алашаңқай – Достық шекаралық өткелі арқылы Ресей бағытында, сондай-ақ Өзбекстан мен Тәжікстанға қатынайтын болады. Тасымалдау ұйымдастырушысы – KTZ Express «Atasu Logistics» ЖШС. Жүкті межелі станцияға жеткізу мерзімі 7-10 күнді құрайды. Тұрақты қызмет көрсету жиілігі – апта сайын. Болашақта тасымалдау көлемі ұлғайса, шаттлдарды жөнелту жиілігі де ұлғаяды», делінген ҚТЖ баспасөз қызметі таратқан хабарламада.