Білім • 14 Наурыз, 2023

YASAWI UNIVERSITY шәкірті америкалық байқауда жеңімпаз атанды

214 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ясауи университетінің «Мемлекеттік және жергілікті басқару» білім беру бағдарламасының 3-курс докторанты Назерке Батырбек АҚШ-тың «Community Engagement Exchange» (Қауымдастықпен тәжірибе алмасу) бағдарламасының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.

YASAWI UNIVERSITY шәкірті америкалық байқауда жеңімпаз атанды

Community Engagement Exchange бағдарламасы – XXI ғасырдың маңызды мәселелерін шешу үшін қауымдастықтармен жұмыс істейтін инноваторлардың динамикалық жаһандық желісі. Ахмет Ясауи университетінің шәкірті әлемнің 92 елінен 6300-ден астам үміткер қатысқан осы жобаның финалына шығып, 142 көшбасшының қатарынан көрінді.

Ендігі кезекте Назерке Батырбек АҚШ-тың Детройт және Вашингтон қалаларында 3 айлық тағылымдамадан өтіп, білімін шыңдайды. Тағылымдама барысында АҚШ-тағы беделді мемлекеттік емес ұйымдарда тәжірибе жинақтап, «Ашық үкімет» жобасы аясында шетелдік тәжірибемен танысады. Ал елімізге оралғаннан кейін 6 ай бойы жинаған білімі мен тәжірибесін Қазақстандағы түрлі салаларға арнап, жаңашыл жобаларды жүзеге асырады.