MQ-9 Reaper ұшқышсыз ұшағы Қара теңіз халықаралық сулары үстінде екі Су-27 жойғыш ұшағымен қатар ұшқан, сол кезде ресейлік ұшақтардың бірі «ұшқышсыз ұшақтың алдына әдейі ұшқан», содан кейін истребительдердің бірі ұшқышсыз ұшақтың құйрығына орнатылған Reaper пропеллеріне зақым келтірген.
Ресей Қорғаныс министрлігі ұшқышсыз ұшақ Қара теңізге өзінің маневрі салдарынан құлады, ресейлік жойғыш ұшақтар онымен байланыста болмады деп мәлімдеді.
«Сағат 09:30 шамасында жылдам маневр жасау нәтижесінде MQ-9 ұшқышсыз ұшағы бақылаудан айырылып, су беткейіне соқтығысты. Ресей жойғыштары борт қаруын қолданбаған, олар ұшқышсыз ұшатын аппаратпен жанаспай, аэродромға аман-есен оралды», делінген ведомствоның Telegram-арнасында.