Іздестіру жұмыстары кезінде жатын бөлмеден үш мәйіт табылды.
«47 жастағы екі ер адам мен 45 жастағы әйел адамның денелері табылды. Көршілердің айтуынша, өртенген үй тұрғындары түнде ішімдік ішкен. Бұл пәтердің иесі және оның қонақтары екені анықталды», дейді Алтай ауданы бойынша төтенше жағдайлар басқармасының аға тергеушісі Антон Козубов.
Алтай аудандық полиция бөлімінде сотқа дейінгі тергеу басталды.