Парламент • 17 Наурыз, 2023

Сенаторлар ТүркПА миссиясының байқаушыларымен кездесті

229 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы Нұртөре Жүсіп түркі мемлекеттері Парламенттік Ассамблеясы миссиясының байқаушыларымен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сенаторлар ТүркПА миссиясының байқаушыларымен кездесті

Кездесуге қатысқан сенаторлар Бибігүл Жексенбай, Руслан Рүстемов және Нұрлан Бекенов ТүркПА-ның құрылуы мен дамуына өз үлесін қосқан ел ретінде Қазақстан осы Ұйым аясындағы парламентаралық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға зор мән беретінін атап өтті.

Халықаралық байқаушылар Мемлекет басшысының бастамасымен жүргізіліп жатқан реформаның негізгі мәселелері туралы жан-жақты хабардар болды.

«Парламент Мәжілісі мен мәслихаттарға сайлау жаңа аралас жүйе бойынша өтеді. Мәжіліс депутаттарының 70%-ы пропорционалды, ал 30%-ы мажоритарлық жүйе бойынша жасақталады. Яғни, партиялар 69 орынға, ал бір мандаттылар 29 орынға таласады. Бұл әртүрлі әлеуметтік топтар мен саяси партиялардың мүшелерін сайлауға мүмкіндік береді және Парламенттің өкілдік қызметін қамтамасыз етеді. Мәжіліс депутаттарын сайлау ауқымды ішкі саяси өзгерістер аясында өтетінін айта кету керек», деді Нұртөре Жүсіп.

Кездесуге Түркітілдес елдердің Парламенттік Ассамблеясынан Түркияның Ұлы Ұлттық жиналысының депутаттары Режеп Шекер, Шенель Йедийлдыз және Юксел Өзқан, Әзербайжан Республикасы Милли Мәжілісінің депутаты Хикмет Маммадов, ТүркПА Бас хатшысы Мехмет Сурея Эр қатысты.