Еске салсақ, бүгін Қазақстанда Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлау басталды.
Сайлаушылар тізімінде 12 миллион 32 мың 550 адам бар.
Биылғы жылдың 19 қаңтарында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жетінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісін тарату және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды.