28 Маусым, 2014

Журналистерге жоғары жауапкершілік жүктеледі

375 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Әділбек Жақсыбеков елдің үздік журналистеріне Қазақстан Республикасы Президентінің БАҚ саласындағы сыйлығы мен гранттарын тапсырып, Алғысын жариялады. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы елі­міз­дің бұқаралық ақпарат құрал­дары өкілдерін кәсіби мере­кесі – Байланыс және ақпарат қыз­меткерлері күнімен құттықтап, отандық журналистиканың ба­сымдығы бар міндеттері ел бас­шылығы қойған мақсаттарға жету үшін қазақстандықтарды ұйыс­тыру, бірыңғай қазақстандық жал­пыұлттық бірлікті қалыптастыру, патриотизмді нығайту болып табылатынын атап өтті. – «Қазақстан-2050» Страте­гия­сында Президент Нұрсұлтан Назар­баев біздің дамуымыздың бұлжымас шарты қоғамдық келі­сімді сақтау және нығайту екенін айтты. Бұл орайдағы айрықша жауапкершілік бұқаралық ақ­парат құралдарына жүктеледі, – деді Мемлекеттік хатшы. Ә.Жақсыбеков отандық бұ­қаралық ақпарат құралдарының жұмысы заманауи талаптарға сай болуы керектігіне де тоқталды. – Қазақстанның бұқаралық ақпарат құралдары өзінің қа­лып­тасу кезеңінен табысты өтті. Бірақ қазіргі заманғы жағдайлар олардың алдына соңғы әлемдік трендтерді ескере отырып сапалы жаңару міндетін қойып отыр. Ақпараттық технологиялар, интернет және әлеуметтік желілер ақпарат жеткізудің тәсілін және БАҚ-тың қоғамдағы рөлін өзгер­туде. Қазақстанның медиа-кеңіс­тігіне соңғы үдерістерді аңғарып қана қоймай, соларға сәйкес икем­деле білудің маңызы зор, – деп атап көрсетті Мемлекеттік хат­шы. Ә.Жақсыбеков, сондай-ақ, қазіргі медиа-кеңістікте жүріп жатқан өзгерістерге қарамастан, отан­дық бұқаралық ақпарат құрал­дарының шынайылық пен нақ­­тылық секілді түпкі қағидат­тары сақталуы тиістігін де айтып өтті. Қазақстан Республикасы Президентінің сыйлығы «Жас қазақ» газетінің бас редакторы С.Смайылға, «Время» газетінің бас редакторы Л.Тараковқа беріл­ді, гранттары «КТК» телеар­насының Астанадағы тілші­лер бюросының жетекшісі Я.Кра­сиенкоға, «Қазақстан» ұлттық теле­арнасының тілшісі Ж.Төле­мі­соваға тапсырылды. Қазақ­стан Республикасы Пре­зиден­тінің Алғысы «Айғақ» те­лера­диокомпаниясының, «Каз­кон­тент» акционерлік қоғамының, «Коре ильбо» газетінің, «Мир» Мемлекетаралық компания­сының Қазақстан Республи­ка­сындағы ұлттық филиалының шығармашылық ұжымдарына жарияланды. Салтанатты рәсім соңында Мемлекеттік хатшы БАҚ өкіл­дерінің жұмыстарына шығар­ма­шылық табыс тіледі және журналистік шеберлікті ұдайы жетілдіре отырып, елде болып жатқан маңызды оқиғалардың ортасында болуға шақырды. Биыл ақшалай марапаттың жалпы қоры – 7 миллион 408 мың теңге. Сыйлық лауреаттары 2 миллион теңге, грант иегерлері 1 миллион 700 мың теңгеден астам қаражат иеленді. Айгүл СЕЙІЛОВА, «Егемен Қазақстан».