Сайлау • 20 Наурыз, 2023

Сайлауды 80 мыңнан аса байқаушы бақылады - Нұрлан Әбдіров

275 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше сайлауды 80 мыңнан аса ұлттық байқаушы бақылады. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сайлауды 80 мыңнан аса байқаушы бақылады - Нұрлан Әбдіров

«Сайлау процесін 80 мыңнан аса ұлттық байқаушы бақылады. Оның ішінде кандидаттардың саяси партиялардың 38 908 сенім білдірген адамдары, саяси партиялардың 19 036 байқаушысы, 252 аккредиттелген қоғамдық бірлестіктердің 23 383 байқаушысы және халықаралық ұйымдардың 793 байқаушысы қатысты», деді Н. Әбдіров.

Еске сала кетейік, ОСК сайлаудың алдын ала қорытындысын жариялады. 

1. Amanat партиясы – 53,90 % немесе 3 431 510 адам дауыс берді;

2. «Ауыл» халықтық-демократиялық партиясы – 10,90% немесе 693 938 адам дауыс берді;

3. Respublica партиясы – 8,59% немесе 547 154 адам дауыс берді;

4. Қазақстан халық партиясы – 6,80% немесе 432 920 адам дауыс берді;

5. «Байтақ» жасылдар партиясы – 2,30% немесе 146 431 адам дауыс берді;

6. «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы – 8,41% немесе 535 139 адам дауыс берді;

7. Жалпыұлттық социал-демократиялық партия – 5,20% немесе 331 058 адам дауыс берді;

«Бәріне қарсымын» бағаны – 3,90% немесе 248 291 адам дауыс берді.

ОСК мәліметінше, күні кеше өткен сайлауда 6 366 441 адам дауыс берген.