02 Маусым, 2010

ЖАҢА ШЕШІМДЕР КЕЗЕҢІ

690 рет
көрсетілді
17 мин
оқу үшін
ЕРТЕҢ АСТАНАДА ҚАЗАҚСТАН КӘСІПОДАҚТАРЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ХХІІ СЪЕЗІ ӨТЕДІ Қазақстан Республикасы Кәсіп­одақ­тары федерациясының құрыл­ға­нына биыл 20 жыл толады. Бү­гінде Федерация жүйесіне 25 са­ла­лық кәсіби одақтар мен 14 аймақ­тық кәсіби бірлестіктер, 17 530 бастапқы кәсіподақ ұйымдары еніп отыр. Олар 2 миллион 64 мың кәсіподақ мүшелерін біріктіреді. Өтпелі кезеңнің қиыншылықтарын жеңуге, мемлекетіміздің тұтастығын сақтауға кәсіподақ ұйымдары зор үлес қосып келеді. Салиқалы саясат пен әлеуметтік келісімнің нәтижесінде соңғы жылдары елдің жағдайы жақсарып, келешегі кемелдене түсті. Әлемдік қаржы-экономикалық дағдарысты ойдағыдай еңсердік, жалақы өсіп, зейнеткерлердің жағдайы түзелді, денсаулық сақтау мен білім беру салаларында да оң өзгерістер болып жатыр. Бұлар көп жағдайда әлеу­меттік тұрақтылыққа, реформалар­дың әлеуметтік бағытының ны­ғаюы­на қол жеткізуге, қызмет­кер­лердің әлеуметтік-еңбек құқықтары мен мүдделерін қорғауға, жұмыс орындарын сақтау және жаңа жұ­мыс орындарын ашып, лайықты еңбекақы төлеуге, тағы басқа да мәселелерді шешуге ықпал етуде. Бүгінде еліміз әлеуметтік-эко­но­микалық жаңару мен демо­кра­тия­ландырудың жаңа кезеңіне қа­дам басып отыр. Таяудағы онжыл­дықта Қазақстан өсіп-өркендеп, әлемде бәсекеге қабілетті 50 мем­ле­кеттің қатарына кіруді мақсат етуде. Міне, бұл кәсіподақтар алды­на да жаңа талаптар қоятыны сөзсіз. Ел алдында тұрған жаһан­дық мәселелердің басты тетігі – адам капиталының сапасын жүйелі түрде жақсарту. Дәл осы мақсат түпкі нәтижеде экономикалық саясаттағы басымдықтарымызды айқындайды. Бұл қоғам дамуын айқындайтын жаңа көзқарастардың өзегі болмақ. Қазақстанның эко­но­микалық моделі әлемдік дағдарыс жағдайында өзінің тиімділігін, орнықтылығы мен тұрлаулылығын көрсетіп, құбылмалы кезеңді сәтті еңсеріп шықты. Экономикалық дағдарыстың кері үдерісін еңсеру үшін әлеуметтік әріптестердің, әсіресе, кәсіподақтардың күшімен көптеген жұмыстар атқарылды. Келесі онжылдықтың басым­дық­тары Қазақстанның 2020 жылға дейінгі дамуының стратегиялық жоспарында айқындалған. Кәсіп­одақ­тар федерациясы экономи­ка-лық өсудің жоғары қарқынын, эко­номикадағы ілгерілеген құрылым­дық қозғалыстарды, халықтың өмір сүру сапасын арттыруды қамтама­сыз ететін экономикалық дамудың жаңа моделіне негізделген елдің тұ­рақты даму стратегиясын қол­дайды. Жаһандану кезінде Кәсіп­одақ­тар федерациясы халықаралық кә­сіподақ қозғалысының бөлігі ре­тінде шетелдің ұлттық және халық­аралық кәсіподақ бірлестіктерімен – Жалпыға ортақ кәсіподақ кон­федерациясымен, Кәсіподақтардың халықаралық конфедерациясымен, Халықаралық еңбек ұйымымен ынтымақтастықты нығайту тұғы­рын­да тұр. Біз демократиялық ұйым ретінде барлық қоғамдық ұйымдармен және үкіметтік емес ұйымдармен шынайы да дәйекті ынтымақтастықтың еркін әрі ашық саясатын жүргізудеміз. Кәсіподақтар федерациясының басым бағыттары еңбекшілердің құқықтары мен бостандықтарының негізін қалаушы қағидаттардың сақ­талуы үшін, кәсіподақ ауыз­бір­лігін және бірлесуін ұлттық, сала­лық және өңірлік деңгейде нығайту болмақ. Қазіргі кезде Қазақстан кәсіп­одақ­тары 20 жыл бойы өз кем­шіліктерінен және халықаралық тәжірибеден сабақ ала отырып, қарқынды даму үстінде. Парламент және Үкіметпен өзара іс-қимыл жа­сау арқылы заңдар мен мем­­­лекеттік бағдарламалар жо­ба­ларын әзірлеу мен талқылау бары­сын­да Кәсіп­одақтар федерациясы елде жүргізілетін әлеуметтік-экономи­калық саясатқа ықпал етуде. Осы жылдарда Федерация кәсіподақ ұйымдарының қызметі үшін құ­қықтық кеңістікті едәуір нығайтып, кеңейтуге қол жеткізді. 2005 жылғы Елбасының Кәсіп­одақ­тар съезіндегі бағдарламалық сөзі кәсіподақтар үшін үлкен оқиға болды. Мемлекет басшысы съезде әлеуметтік мемлекет құрудағы кәсіподақтардың жасампаздық қызметін оң бағалай келіп, еңбек адамының құқықтары мен мүдделерін қорғау ісіндегі, олардың қоғамдағы рөлі мен беделін арттырудағы кәсіподақтарға өзінің айнымас қолдау көрсететінін атап ай­тып, кәсіподақ қозғалысының алдына жаңа міндеттер қойған еді. Сондай-ақ Қазақстан Респуб­ликасы Прези­ден­тінің 2006 жылғы 25 шілдедегі Жар­лығымен Қа­зақ­стан Респу­б­ли­ка­сында азаматтық қоғамды дамытудың 2006-2011 жылдарға арналған тұжы­рымдамасы мақұлданды. Кәсіп­одақтар федерациясы тұжырым­да­маны әзірлеуге белсене қатысты. Мемлекеттің жаңа әлеуметтік сая­саты және өмір сапасының ұлттық стан­дартын қалыптастыру туралы мәселе бойынша ұсы­ныстары ел Пре­зи­дентіне, Пар­ламентке және Үкі­метке, сондай-ақ Федерация онымен ын­тымақтастық туралы мемо­рандумға қол қойған “Нұр Отан” халықтық-демократиялық партиясына жі­берілді. Өмір сапасының ұлттық стандартын әзірлеу қазір де жалғасуда. Қа­зақ­стан­да Азаматтық қоғамды дамыту тұ­жы­рым­да­масында қамтылған ережелер кәсіподақтардың мемлекеттің әлеу­мет­тік-экономикалық саясатын әзір­леу мен іске асыруға қаты­суындағы қыз­метіне негіз болды. Федерацияның осы жылдар­дағы ең басты жетістігі – екі жылғы жұ­мыс­тың табысты аяқталып, Пар­ла­менттің 2007 жылғы 1 шілдеден Қ­а­зақ­стан Республикасының Еңбек ко­дексін қабылдауы. Осыған бай­ла­нысты республиканың әлеуметтік саясатының маңызды бөлігі еңбек және әлеуметтік-экономикалық қа­тынастар саласындағы негізін қа­лау­шы қағидаттарды іске асыруда кә­сіп­одақтардың елеулі рөлге ие екенін баса айтқым келеді. Кәсіподақтар фе­де­рациясы заң жобасын негізгі әзір­леуші – Еңбек және халықты әлеу­меттік қорғау министрлігінен әуел бастан заңның мазмұны халықаралық кон­венциялардың, сондай-ақ ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Парла­мент­аралық Ассамблеясы қабылдаған үлгі Еңбек кодексі тұжыры­м­да­ма­сы­ның негізгі ережелеріне толығымен сай келуін талап еткен еді. Өйткені, Ең­бек кодексі, оның құрылымы мен мазмұны елде еңбек қатынастарын қа­лыптастыру мен реттеудің өр­ке­ниетті тәртібін қамтамасыз етеді. Ол халықаралық талаптарға толығымен сай келеді әрі жұмыс­керлер мен жұмыс берушілер мүдделерінің теңгерімін сақтауға мүмкіндік береді. Осылайша, кәсіподақтар мен “Еңбек” де­путаттық тобы алға қойған мақ­сатқа қол жеткізді. 2008 жылғы қаңтардағы бизнестің әлеуметтік жауап­кер­шілігі жөніндегі Жезқазған фо­румында ел Президенті “Ұжым­дық шарт жасаңдар!” акция­сына серпін беріп, бұл еңбекшілердің және олардың отбасының өмірін жақсарту үшін жасалатындықтан, атал­ған акция жалпыұлттық болуға әрі жұмыс берушілер мен қызмет­керлерді кеңінен қамтуға тиіс деп атап көрсетті. Ал “Ұжымдық шарт жа­саңдар!” жалпыреспубликалық акциясының негізгі мақсаты – кор­по­­ративтік әлеуметтік жауап­кер­ші­лікті арттыру, әріптестік қарым-қат­ынасты және тұтас алғанда ұжым­да тиімді, тұрақты жұмысты дамыту. Бұл ұжымдық шарттар жасасуды ынта­лан­дыру үшін жақсы негіз болды. Егер акция басында жасалған ұжымдық шарттар 19 155 немесе 12 пайыз болса, 2010 жылғы 1 наурызда ол 47 362-ге жетті, яғни ұжымдарды ұжым­дық шартпен қамту шаруа­шы­лық жүргізуші субъектілердің жалпы санының 26 пайызы болды. Кәсіп­одақтар жұмыс істейтін кәсіпорындар мен ұйымдарды алсақ, мұнда ұжымдық шарттармен қамту 85,8 пайызды құрады. Қазақстан Президенті Н.Ә.На­зар­баев­тың бизнестің әлеуметтік жауа­п­кер­шілігі қағидаттарын дамытуға және кәсіпкерлердің не­ғұрлым өзекті әлеуметтік про­блемаларды шешуге қатысуына бағытталған жыл сайынғы “Парыз” конкурсын өткізу туралы Жарлығы бұған жаңаша серпін берді. Осы Жарлыққа сәйкес конкурсты ұйымдастырушылар Қазақстан кәсіп­одақ­тары феде­рациясы Еңбек және ха­лықты әлеуметтік қорғау ми­нистрлігі және “Атамекен одағы” ұлт­тық экономикалық палатасы болып табылады. Ал конкурс ірі, орта және шағын кәсіпкерлік субъек­тілері үшін “Үздік әлеу­меттік жауапты кәсіп­орын”, “Жылдың үздік әлеуметтік жо­басы” және “Үздік ұжымдық шарт” номи­нациялары бойынша өт­кі­зіледі. Осы үш номинацияның бар­лығының мәні зор. Дегенмен, кә­сіп­одақтар үшін “Үздік ұжымдық шарт” номинациясының маңыз­ды­лығы басым. Өйткені, онда қыз­мет­кер­лердің еңбек және әлеу­меттік құ­қық­тарын жақсартатын әрі ны­ғайтатын ұжымдық шарттар қаралады. Федерацияның және оған мүше ұйымдардың қызметінде азаматтық қызметкерлердің жалақысы рес­пуб­лика бойынша бұрынғыдай ең төмен болуына байланысты жалақыны өсіру мәселесі маңызды орын алып, көп жылдар бойы бұл проблема мем­ле­кеттік органдар мен жұмыс берушілер ал­дына үнемі қойылып отырды. Фе­дерация 2007 жылы қарашада денсау­лық сақтау, білім және ғылым, Қарулы Күштер, мәдениет қыз­мет­керлері өзге салалық кәсіподақтардың қол­дауымен Үкіметке тұтыну тауар­лары мен қызметтерге бағаның едәуір өсуіне байланысты, сондай-ақ ин­фля­ция деңгейінің көтерілуіне орай бюд­жеттік сала қызметкерлерінің жала­қы­­сын өсіру туралы талап қойған болатын. Салалық кәсіподақтардың ұйым­дас­­тыруымен үйлестіруші кеңес құ­ры­лып, бюджеттік сала қыз­мет­кер­ле­рінің еңбекақысын Еңбек кодексінің тала­птарына сай жетілдіру жөнінде ұсыныстар дайындады. 2008 жылы 29 қаңтарда осы мәселе бойынша Үкіметке және Парламент депу­тат­та­рына кәсіподақ үндеуі жолданды, сондай-ақ Премьер-Министрмен кездесулер және Премьер-Министр ор­ын­басарымен жұмыс кеңестері өт­кізілді. Сонымен қатар, Кәсіп­одақ­тар федерациясы өкіл­дері және жұмыс тобына қа­тысатын мүше ұйымдар бас­шылары еңбекақы төлеу жүйесінде қолданылатын базалық лауа­зымдық жалақыны жалақының ең төменгі мөл­шерімен ауыстыру, Еңбек ко­дексі­нде ерекше еңбек жағ­дай­ла­рын­дағы жұмыскерлер үшін көзделген еңбекақы төлеудің ең төменгі стан­дартын қолдануды және студенттер стипендиясын ең төменгі күнкөріс деңгейіне дейін көбейту туралы талап қойған еді. Осыларға байланысты бірқатар мә­селелер бойынша Үкіметпен ке­лісімге қол жеткізілді. Мысалы, 2008 жылы 1 қыркүйектен бастап жұмысқа жарамсыздық парақтары бойынша әлеуметтік жәрдем­ақылар мөлшері 10-нан 15 АЕК-ке дейін өсіріліп, үстеме ақы алатын денсаулық сақтау қызметкерлері мамандықтарының тізімі кеңей­тілді, студенттердің сти­пендиясы айына 7500 теңгеге дейін көтерілді. Бұдан басқа Үкі­меттің шешімімен әкімдіктер қызметтердің, азық-түлік пен тауарлардың барлық түрлеріне бағаның күрт өсуіне орай бюджет саласының қызмет­керлеріне өтемақы ретінде ма­териалдық көмек көрсете бастады. Алайда, кәсіподақтардың бюджет саласы қызметкерлерінің жалақысын өсірудегі “күресі” әрі қарай жал­ғасуда. Кәсіподақтардың белсенді іс-қимылы нәтижесінде 2010 жылы 29 қаңтарда ел Президенті Үкіметке бюджет са­ласы қызметкерлерінің еңбек­ақысын 2010 жылғы 1 сәуірден бастап 25 пайызға көбейтуге және бұл үшін барлық қажетті ша­раларды қа­былдауға тапсырма берді. Сонымен бірге, 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап ауыр, зиянды (өте зиянды) және қауіпті еңбек жағдайларында жұмыс істейтін жұмыскерлер еңбек­ақы­сының көбейтілген мөлшерін қолдану туралы Еңбек кодексінің нор­малары күшіне енді. Осыған байланысты еңбекке ақы төлеудің ең төменгі стандартын айқындау үшін көптеген кәсіподақ ұйымдары келісімдер мен ұжымдық шарттар жасасу, оларға өз­герістер мен толықтырулар енгізу жөнінде ұжымдық келіссөздер жүр­гіз­ді. Соның арқасында олардың кейбірі қауіпті, зиянды және ауыр жұмыстар атқаратын жұмыс­керлердің жала­қы­сы­на көтеріңкі салалық коэф­фи­циент­­тер белгілеп, оны қолданып жүр. Соңғы жылдары еліміздің кейбір аймақтарында жалақы қарызы өсуіне байланысты еңбек ұжымдарында әлеуметтік ширығу көрініс берген болатын. Осыған орай Кәсіподақтар федерациясы Үкіметке еңбек адам­да­рының әлеуметтік-еңбек құқықтары мен мүдделерінің сақталуына тиі­сін­ше мемлекеттік бақылауды қам­та­масыз етуді өтінген еді. Үкіметтің тапсырмасымен Бас прокуратура және оның аумақтық органдары еңбек саласындағы ахуалға тұрақты мониторинг жасап, жұмыс беру­ші­лер­ге еңбеккерлердің еңбек құқықтары бұзылуының жолын кесуде шаралар қолдана бастады. Нәтижесінде 9 миллиард теңгеден астам қарыз өндірілді, 250 мың адамның конс­титуциялық құқығы қорғалды. Кәсіподақтар лайықты жалақы туралы мәселені өткір қоюды жалғастыруда және оның заң­намалық тұрғыдан, сондай-ақ Бас және сала­лық келісімдер ұжымдық шарттарда шешімін табуына қол жеткізді. Мысалы, 2008 жылғы 1 шілдеден бас­тап базалық әлеуметтік төлем мөл­шерін есептеу үшін күнкөріс деңгейі де, сонымен бір мезгілде ең төменгі жалақы мөлшері де 14,4 пайызға көбейіп, 10 515 теңгеден 12 025 тең­геге өсірілді. Қазіргі кезде 2010 жыл­дың 1 қаңтарынан ең төменгі жалақы мен күнкөріс деңгейі 14 952 теңге мөл­шерінде бекітілді. Алайда, Кәсі­п­одақ­тар федерациясы мен тәуелсіз сарапшылардың бағала­уынша, күн­көріс деңгейінің мұндай мөлшері көзбе-көз төмен­детілген, сондықтан Федерация күнкөріс деңгейінің нақты шамасына қол жеткізу жөнінде алдына міндет қойып отыр. Сонымен қатар, Үкіметке күнкөріс дең­гейінің шамасын есептеу әдістемесі бойынша өз ұсыныс­тарын табыс етіп, неғұрлым жоғары әлеуметтік көрсеткішке – ең төменгі тұтыну бюджетіне өту және ең төменгі айлық жалақы мөлшерін тұтынушылық бюджетке кезең-ке­зеңі­мен жақындату мүм­кіндігін қарастыруды ұсынды. Біздің бастамамызбен Кәсіп­одақ­тар федерациясы ХХ съезіндегі “Қ­азақ­станда жұмыс істейтін ше­тел­дік кә­сіпорындардағы жал­дамалы қыз­мет­керлердің еңбек құқықтарының бұзы­луын тоқтату” туралы мә­лім­де­месі 2007 жылы республикалық үшжақты комис­сияның отырысында қаралған-ды. Содан кейін осы комиссияның шешіміне сәйкес 2008 жылдың бірінші жартысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Бас прокуратура және Кәсіподақтар федерациясы өкіл­де­рінің қатысуымен ірі шетелдік ком­па­нияларды тексеру ұйым­дас­ты­рыл­ды. Тексерулер Қарағанды, Қы­зыл­орда, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Сол­түстік Қазақстан, Маңғыстау обл­ыс­тарында және Алматы мен Астана қала­ларында жүргізіліп, қоры­тын­ды­сында республика аумағына қатысты көлемді фактілері бар материал жи­налды. Осылайша, 2008 жылдың ал­ғашқы 5 айында 598 тексеру жүр­гі­зіліп, еңбек заңнамасын бұ­зу­шылықтың 3397-і фактісі анықталды. Олар бойынша 722 ұйғарым шы­ғарылып, 12 млн. теңге көлемінде 427 әкімшілік айыппұл салынды. Айып­пұл санкциясының орташа мөлшері 28 мың теңгені құрады. Бірлескен тексерулердің қоры­тындысы 2008 жылғы 21 мамырда ко­миссия жұмыс тобының оты­рысында қаралды. Қазақстан Республикасы Президенті Әкім­шілігі Басшысының тапсырмасына сәйкес 2008 жылғы 5 маусымда шетелдік компаниялардың бас­шыларымен еңбек қатынас­тарын реттеу мәселелері жөнінде кеңес өткізіліп, қорытындысында облыс­тар­дың, Астана және Алматы қалалары әкімдерінің, шетелдік қатысуы бар кәсіпорындар және бірқатар минис­тр­ліктер басшыла­рының атына әлеу­меттік әріптестік пен ұжымдық шарт­тар нәти­желілігін арттыруға, еңбек заң­намасын бұзушылыққа жол бер­меуге бағытталған ұсынымдар қабылданды. Түрлі деңгейдегі кәсіподақ ұйым­дары қызметкерлердің еңбек және әлеуметтік құқықтарын шынымен құрметтейтін және өзінің ұжымдық шарттарында еңбек қауіпсіздігі мен оны қорғау, өтемақылар, демалыс, әлеуметтік кепілдіктер туралы тармақтар мен бөлімдерді ескеретін кәсіп­орындарды белсенді түрде қол­дайды. Бүгінгі күні кәсіпорындар мен ұйымдардың көптеген еңбек­ші­лері ұжымдық шарттарды уақтылы жасауына орай қорғалған. Өйткені, солар арқылы кәсіподақ ұйымдары еңбекшілер үшін қо­сымша жеңіл­дік­тер мен ке­піл­діктерге қол жеткізуде. Мемлекет басшысының 2009 жылғы Қа­зақстан халқына Жолдауында аталып өткендей дағдарыс жағ­да­йында жаппай жұмыссыздық пен жалақының төмендеуіне қарсы нақты шаралар қолданудың арқасында ол оң нәтиже берді. Кәсіподақтар федерациясы Ел­басының 2010 жылғы Қазақстан халқына Жолдауын зор ықыласпен қабылдады. Жолдауды бас­шы­лыққа ала отырып, адам капи­талын дамыту жайлы қағиданы қолдап, “Адам капиталы – еңбек өнімділігін арт­тырудың басты факторы” атты дөңгелек үстел отырысын өткізді. Соның негізінде Елі­міз­дің адам ка­пи­талының бәсекелестігін арт­тыру страте­гиясының мемле­кеттік тұжы­рым­дамасын әзірлеу жөнінде Үкі­мет пен Пар­ла­мент­ке нақты ұсы­ныс­тар дайындауда. Жаңа кезең жаңа шешімдерді талап етеді. Сондықтан кәсіп­одақтар саяси жаңарудың Қа­зақ­стандағы бос­тандықтар құнд­ы­лығын, әлеуметтік әділдік және теңдікті қамтамасыз етудің жан-жақты шараларын қамтамасыз етіп қана қоймай, еңбек­шілердің жұмыс орнындағы және қоғамдағы беделін орнықтыруға күш салатын болады. Сиязбек МҰҚАШЕВ, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтары федерациясының төрағасы.