Қошқарбаев пен Жұмабаев көшелерінің қиылысында үш көлік соқтығысып, апат болды деп хабарлайды Egemen.kz.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, оқиға кеше сағат 20.30-да Қошқарбаев пен Жұмабаев көшелерінің қиылысында болған. Екі жеңіл көлік пен автобус соқтығысып қалған. Тергеу жұмыстары жүріп жатыр.
«Үш көлік – Toyota, Audi және Iveco автобусы соқтығысып, жол-көлік оқиғасы болды. Салдарынан Toyota көлігінің жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты. Бұл дерек бойынша, соталды тергеу амалдары басталды», делінген хабарламада.
Астана қаласының ПД өкілдері жолдарда барынша сақ болып, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды сұрайды.
«Болашақ» стипендиясына өтінім қабылдау басталады
Білім • Кеше
Ақмола облысында жасөспірім суға батып кетті
Аймақтар • Кеше
Астананың Сарыарқа ауданында жаңартылған аулалар ашылды
Елорда • Кеше
Ұқсас жаңалықтар