Бокс • 22 Наурыз, 2023

Алуа Балқыбекова әлем чемпионатының жартылай финалына шықты

353 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үндістанның Нью-Дели қаласында өтіп жатқан бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионатының ширек финалында қазақстандық Алуа Балқыбекова жеңіске жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алуа Балқыбекова әлем чемпионатының жартылай финалына шықты

Ол күндізгі сессияда 48 келі салмақта түркиялық Эриван Барутпен жұдырықтасты.

Бірінші раундта төрешілер Алуаның басымдығын бірауыздан қолдады. Ал екінші раундта төрешілердің үшеуі оған дауыс берсе, екеуі түркиялық спортшыға қолдау білдірді.

Үшінші раундта да Алуа сенімді ойын көрсетіп, нәтижесінде қазақстандық боксшы қыз жартылай финалға жолдама алды. Бұл - кем дегенде қола жүлде қоржынға түседі деген сөз.

Алуа Балқыбекова бұдан бұрын Азия чемпионы атанған. 2022 жылы әлем чемпионатында күміс медаль алды.